Алматыда жыл сайын өткізілетін

«Үздік аула тазалаушы 2018» конкурсы аяқталды.

  

 

Алматы қаласында, 16 қыркүйек күні,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында «Үздік аула тазалаушы» байқауының жеңімпаздары қалалық мереке қарсаңында марапатталды. Мегаполис тұрғындары күн сайын қаланы тазалықта ұстайтын адамдардың есімдерін естіп, олардың қарапайым емес еңбектері үшін аула сыпырушыларға алғыстарын білдіріуге керемет мүмкіндіктері болды.

 

6 жыл бойы ауланың тазалығын, дуалдар мен бөренелердің уақытында сырлануын, гүлдер мен гүлзарлардың қиылып тұруын қадағалап отыру міндеті жүктелген, конкурс жеңімпаздарды және жүлдегерлерін анықтап,  6 жыл сол адамдарды марапаттап жатыр.

Жыл сайынғы байқауды «Эфес Қазақстан» ШК АҚ  демеушілік қолдауымен «Алматыдай таза" ҚҚ ұйымдастырылды.

 

Биылғы жылы «Eфес Қазақстан" ШК АҚ Корпоративтік қарым-қатынас департаментінің директоры Чингиз Каскеев конкурстың жеңімпазы Розакова Тохтиханға диплом және ақшалай сыйлық табыс етті. Бұл нәзік әйел бірнеше рет ауласының таза екендігін дәлелдеді. Менің жұмысым өте жауапты. Аула тазалаушы - жақсы мамандық, алайда оған барлығы назар аудара бермейді. Жиыстырып біткен соң, аулаңызға бір қарап, оның қандай таза, жып-жинақы екендігін көресіз. Кейбіреулері тазалық үшін "рақмет" деп алғыстарын білдіріп жатады.  Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін.

 

Балалық шақтан мүгедектікке ие болғандықтан, ол әрдайым мінсіз тазалықта тағайындалған аумақты, жұмыс кезінде ұқыпты және дәл болуын қамтамасыз етеді. Үшінші орынға  бөлінген үш сыйлық  Үшіров Шәріпке, Абимов Амангелдіге, Лазарева Галинаға берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биылғы жылы «Ауданның үздік аулы тазалаушы» атағы мен дипломы берілді:

район/ аудан

дворник/аула тазалаушы

1

Түрксіб ауданы

Балтабаева Галия Турсуновна

2

Наурызбай ауданы

Янкина Надежда Ивановна

3

Әуезов ауданы

Жанжигитов Орынбай Калыкович

4

Жетісу ауданы

Плехова Ирина Владимировна

5

Алмалы ауданы

Жанузаков Бердыгали

6

Алатау ауданы

Сарымамедоглы Мамед

7

Бостандық ауданы

Жарлыгапов Асет Жарлыгапович

8

Медеу ауданы

Жанузаков Казбек Баймолдинович

 

 

«Эфес Қазақстан" Компаниясы  корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке үлкен көңіл бөледі. Мысалы, біз 6 жыл бойы «Үздік аула тазалаушы» жобасын қолдаудамыз.

Жобаның басты мақсаты - біздің сүйікті қаламызды таза ұстайтын адамдарды ынталандыру. - дейді Шыңғыс Қаскеев. «Аула тазалаушылардың  бірнеше айлық жалақы мөлшерінде қомақты  ақшалай сыйлықтардан басқа, біз жеңімпаздарымызды салтанатты жағдайда марапаттауға тырысамыз - осылайша қосымша құрметтеуді білдіреміз».

 

Ауқымды конкурстың бірінші кезеңі 15 мамырда басталып, 15 маусымға дейін созылды. 200-ден астам өтінім жиналды. Екінші кезең - дауыс беру, ол 15 маусым мен 15 тамыз аралығында өтті. Осы кезеңде әрбір Алматы тұрғыны өзінің пікірінше, ең үздік аула тазалаушыға өз даусын берді. 70 мыңнан астам дауыс жиналды. Үшінші кезеңде «құпия қонақ» арқылы тексеріс жүргізілді.  Екінші кезеңде ең көп дауыс жинаған аула тазалаушылардың 30 ауласын тексерді. 11 қыркүйек күні  комиссия отырысында жеңімпаздар анықталды.