Осы бөлімде біз ең жиі қойылатын сұрақтарға берілген жауаптарды беріп отырмыз.

 

Сәлеметсіз бе. Науқаныңызға сүйсініп қосылар едім немесе қолымнан келерлік үлесімді қосар едім. Ұйымдастырушылармен байланысып, өз күшіммен әрі идеяларыммен қалай бөлісуге болады?
 
/ "Нағыз алматыша" жобасының ұйымдастырушылары
 
Сәлеметсіз бе! "Нағыз алматыша" жобасына көмектесуге деген ықыласыңыз үшін алғыз білдіреміз. Біз неғұрлым көп болсақ, соғұрлым Алматы тазалық және мәдениет үшін жарыста жеңіске тезірек жетеді. Дәл осы сәтте біз барлық ұсыныстарды жедел желі телефоны бойынша, сондай-ақ skype арқылы қабылдап отырмыз. Кез келген көмекке және қызықты идеяларға қуанышты боламыз. Рахмет. 

 

 

Сәлеметсіздер ме, ұйымдастырушы мырзалар. Менің мынадай сұрағым бар: екі жыл өтіп те келеді, науқандарыңыз соңына жетеді, ал сосын не болады? Оның сәтті өткенін-өтпегенін қалай түсінеміз? Оның табыстылығын немен және неде салыстырасыздар? Жауаптарыңыз үшін рахмет!
 
/ "Нағыз алматыша" жобасының ұйымдастырушылары

Сәлеметсіз бе. Мұндай күрделі тақырыпты қозғағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Қолданған шаралардың және өткізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалау мәселесі біздің алдымызда әлі "Нағыз Алматыша" жобасын құру сатысында тұратын. Дәл сол кезде бар жағдайдың тәуелсіз зерттеуін жүргізуге, ал кейінірек бастапқыда алынған деректерді қайталама жүргізілген мониторинг нәтижелерімен салыстыруға шешім қабылданған болатын. TNS GallupMedia компаниясы жүргізетін болатын зерттеулердің нәтижелерін біз сайтымызда және БАҚ-та орналастыратын боламыз.

Жаңалықтардан қандай да бір "Халықтық бақылаудың" құрылатыны туралы оқыдым. Бұл жай ертегі ме әлде шын мәнінде бола ма?
 
/ "Нағыз алматыша" жобасының ұйымдастырушылары

Сәлеметсіз бе. Жобаға деген қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. "Халықтық бақылау" шын мәнінде құрылатын болады. Оның құрамына "Нағыз Алматыша" жобасын жүзеге асыруға үлестерін қосуға жеке ықылас білдіретін біздің қаламыздың әлеуметтік-белсенді тұрғындары кіретін болады. "Халықтық бақылаудың" қатарына кіруге ниет білдіретін әрбір адам бізбен байланысқа шығып сауалнама толтыра алады.